15 айлық сәби аман шықты
Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сәби жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Мендерес ауданындағы қираған бір ғимараттың үйіндісі арасынан 15 айлық сәби шығарылды.
Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандары болған 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалғандарды құтқару мақсатында Мендерес төңірегінде жүргізілген жұмыстардан сүйінші хабар келіп жетті.
10 қабатты ғимараттың қирандыларынан естілген дыбыстарға шоғырланған құтқарушы топ шамамен 31 сағат бойы үйінді астында жатқан 15 айлық Мерям Ышыкты құтқарды.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сәби жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Сәбидің анасының үйінді астында екені жөнінде ақпар алған құтқарушылар сол жерде жұмысты жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ Түркияға қолдау көрсету үндеуін қайталады
БҰҰ жер сілкінісінен кейін Түркия үшін басталған төтенше жағдайға қолдау көрсету үндеуін қайталады.