10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен 10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланғанын айтты.

1943268
10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоған эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінен зардап шеккен 10 аймақта 3 айлық төтенше жағдай  жарияланғанын айтты.

Президент Ердоған Кахраманмараштағы жер сілкінісіне байланысты ел астанасы Анкарадағы Мемлекеттік ақпарат координация орталығында мәлімдеме жасады.

«Біз Республика тарихындағы ғана емес, географиямыздағы және дүние жүзіндегі ең үлкен апаттардың біріне тап болып отырмыз» деген Ердоған «Бізде 3549 адам қаза тауып, 22 мың 168 адам жарақат алды. Біздің ең үлкен жұбанышымыз--осы уақытқа дейін үйінді астынан 8 мыңнан астам азаматымыз құтқарылды» деген сөздер қолданды.

Ердоған «Конституцияның 119-бабында бізге берілген билікке сүйене отырып, біз төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдадық. Жер сілкінісі болған 10 аймақты жалпы өмірге әсер ететін апат аймағы деп жариялаймыз» деп көрсетті.

Осы уақытқа дейін аймаққа 54 мың шатыр, 102 мың төсек және басқа да қажетті заттардың жіберілгенін білдірген президент Ердоған «Қазір 53 мың 317 іздеу құтқару маман қызметкерлеріміз қирандылар аймағында жұмыс істеуде. Түркиядан және шетелден келген топтармен бірге олардың саны сағат өткен сайын артып келеді» деді.

Ердоған «Жандармериямыз апат аймағында 26 жүк ұшағымен және жағалау күзеті қолбасшылығымыз кемелерімен апат аймағында міндет атқаруда.  1000-ға жуық жедел жәрдем көлігі, 241 UMKE (Ұлттық медициналық құтқару тобы) және 5 мың денсаулық сақтау қызметкерлері облысқа жөнелтілді» деген сөздер қолданды.

Осы уақытқа дейін 70 түрлі ел және 14 халықаралық ұйымнан көмек ұсынысы түскенін жеткізген Мемлекет басшысы «Бізге телефон соққан 18 мемлекет және үкімет басшысымен сөйлестік. Хабарлама жолдаған және мәлімдеме жасаған барлық достарымызға,  мемлекет және үкімет басшыларына алғысымды білдіремін» деді.



Ұқсас жаңалықтар