Жер сілкінісінде 1651 адам қаза тапты
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,7, Елбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісі салдарынан 1651 адам қаза тапты.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа баспасөз мәслихатында Кахраманмараш орталығындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 1651-ге жеткенін, 11 мың 119 адамның жараланғанын жариялады. Сондай-ақ жер сілкінісінен 3471 ғимарат қирап қалғаны хабарланды.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімдемесінде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында сағат 04:17-де болған жер сілкінісінің магнитудасы бұрын 7,4 деп хабарланған еді, ол 7,7 деп өзгертілді.
10-нан астам қалада байқалған апаттан кейін халықаралық көмекті қамтитын 4-ші деңгейлі дабыл соғылды. Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Кахраманмараштың Елбистан ауданында сағат 13.24-те тағы 7,6 баллдық жер сілкінісі болған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған Заидпен телефонда сөйлесті
Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері басшысы Шейх Мұхаммед бин Заидпен телефонда сөйлесті.

«Жер сілкінісін зерттеу виртуалды конференциясы» басталды
Вице-президент конференцияның ашылуына бейнежолдама жіберді.