Түркиядағы жер сілкінісінде 1541 адам қаза тапты

Президенттің орынбасары Фуат Октай Кахраманмарашта болған жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1541 адамға жеткенін, 9 мың 733 кісінің де жараланғанын жариялады.

1942688
Түркиядағы жер сілкінісінде 1541 адам қаза тапты

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында болған 7,7 балдық  және Эльбистан ауданында тағы 7,6 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1541 адамға көбейді.

Президенттің орынбасары Фуат Октай ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Кахраманмарашты негіз еткен жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1541 адамға жеткенін, 9 мың 733 кісінің де жараланғанын жариялады. 

Фуат Октай жер сілкінісінде 3 мың 471 ғимараттың құлағанын білдірді. 

Апат және Төтенше жағдайларды басқару ұйымынан жасалған мәлімдемеде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында Түркия сағатымен 04.17-де болған және 7.4 балл деп жарияланған жер сілкінісінің магнитудасы 7.7 балл деп қайта тіркелгенін хабарлады. 

10-нан астам қалада сезілген жер сілкінісінен кейін халықаралық жәрдемді де қамтыған 4-ші дәрежелі аттаныс жарияланды. 

Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда топтардың іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Кахраманмараштың Эльбистан ауданында Түркия уақытымен сағат 13.24-те тағы 7.6 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар