Түркияда 1014 адам қаза тапты

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 деп қайта тіркелді.

1942590
Түркияда 1014 адам қаза тапты

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында болған 7,7 балдық жер сілкінісі салдарынан 1014 адам қаза тапты.

Апат және төтенше жағдайларды басқару (AFAD) төрағасы Юнус Сезер қаза болғандардың 1014-ке, жарақат алғандардың санының 5385-ке жеткенін мәлімдеді.

Бұл ретте AFAD жасаған мәлімдемеде бұрын 7,4 деп хабарланған жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 деп қайта тіркелді.

Жер сілкінісінде 2824 ғимарат қираған. Барлығы  10-нан астам қалада сезілді.

Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар