Мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Эгейде заңсыз мигранттардың қайығы апатқа ұшырады.

1942329
Мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Эгейде мигранттар мінген қайықтың суға батып кетуі салдарынан 5 адам қаза тапты.

Грекия мемлекеттік агенттігі «AMNA»-ның хабарына қарағанда, Илериоз аралында болған апатта бір әйел мен бір бала қаза тапты.

Оқиғадан аман қалған 41 адамның 6-ы бала, барлығы 8 адам ауруханаға емделуге жіберілді.

Қолданылған шараларға қарамастан ауруханаға жеткізілген 6 баланың 3-еуі қайтыс болды.  Осылайша оқиғадан қаза тапқандар саны 5-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар