Түркия мен Индонезия келісімге қол қойды
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Индонезия Қорғаныс министрі Прабово Субиантомен кездесті.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Индонезия Қорғаныс министрі Прабово Субианто «Әскери ынтымақтастықты іске асыру жоспарына» қол қойды.
Министр Акар ресми сапармен Түркияға қонақ ретінде келген Субиантоны ел астанасы Анкарада Ұлттық Қорғаныс министрлігінде әскери рәсіммен қарсы алды.
Субиантоны қабылдағанына қуанышты екенін білдірген Акар "Елдеріміз арасындағы алыс қашықтыққа қарамастан тарихи өткеніміз бұл қашықтықты жақындата түседі. Елдеріміз арасындағы әскери дайындықты, оқу-жаттығуларды және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық әлеуетін арттыруымыз маңызды. Бүгін қол қойылған «Әскери ынтымақтастықты іске асыру жоспары» атты келісім аймақтарымыздың да, әлемнің де тыныштығына, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына маңызды үлес қосады деп сенеміз» деді.
Қонақ министр Субианто да «Әскери ынтымақтастықты іске асыру жоспарының» тарихи маңыздылығына тоқталып, бұл құжат екі елдің стратегиялық әріптестігінің жалғасы екенін мәлімдеді.
Субианто Индонезия мен Түркия арасындағы тығыз ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікке қуанышты екенін білдірді.