Чавушоғлу консулдықтардың жабылуын сынға тартты
Сыртқы министрі Чавушоғлу «Түркияда террор қаупі деп жар салу одақтастыққа сыймайды» деді.
1941615

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Түркияда террор қаупі бар деп жар салу одақтастыққа сыймайды» деді.
Чавушоғлу Стамбулда Аргентина Сыртқы істері, халықаралық сауда және сенім министрі Сантьяго Кафиеромен бірге ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Чавушоғлу мәлімдемесінде кейбір елдердің Түркиядағы өкілдіктерін уақытша жабуының «мақсатты» екенін айтты.
Министр Чавушоғлу консулдықтардың жабылуын сынға тартып «Біз Ішкі істер министрлігінен сұрағанымызда нақты ақпарат ала алмадық. Бұл жабулар қасақана деп ойлаймыз. Біз кеше телефон соққан елшілерге де солай айттық. Оларды жабу кезінде бізбен ақылдасуы керек еді. Кенеттен жабудың мақсаты бар. Мұнда «Түркия тұрақсыз, Түркияда террор қаупі бар десе, онда одақтастыққа сыймайды» деді.