"Ынталандыру және қолдауымыз жалғасады"

«5-ші өнімділік және технология жәрмеңкесі» беташарында президент Ердоғанның жолдауы оқылды.

1941247
"Ынталандыру және қолдауымыз жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған табанды түрде жалғасып жатқан «Ұлттық технология қозғалысының» арқасында бүгінде «Түркия ғасыры» сөз қозғалғанын айтты.

Ел астанасы Анкарада өткен «5-ші өнімділік және технология жәрмеңкесі» беташарында президент Ердоғанның жолдауы оқылды.

Жолдауында президент Түркияның тек технологияны тұтынатын емес, сонымен қатар жобалайтын, жоспарлайтын және өндіретін ел болу жолында нық қадамдар басқанын айтты. Ол осы мақсатта технологиялық экожүйенің қалыптасуы үшін барлық салада ынталандыру және қолдау жұмыстарын жалғастыратындарын айтты.

Ердоған былай деді: «Біз «Ұлттық технологиялық қозғалысты» табанды түрде жалғастырып, соның арқасында бүгінгі күні «Түркия ғасыры» туралы сөз қозғап отырмыз. Болашақ әлемде маңызы бірте-бірте артып отырған өнімділік пен технологияда да «Түркия ғасыры» көзқарасын жүзеге асыруға табандымыз. Мұны да құдай қаласа, соңғы 20 жылда болғаны секілді 85 миллион бірігіп атқарамыз»

Одан кейін Ердоған Президенттік кешеннен тікелей байланыс арқылы Афион-Шухут жолының ашылу салтанатына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар