Болгария вице-президенті Илияна Йотова Анкарада

Вице-президент Октай Болгария вице-президенті Йотовамен кездесті.

1941232
Болгария вице-президенті Илияна Йотова Анкарада

Вице-президент Фуат Октай Болгария вице-президенті Илияна Йотовамен кездесті.

Ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенде өткен кездесуде Октай Болгариямен өзара тиімділік негізінде дамып келе жатқан қарым-қатынастардың нығаюына риза екенін білдірді.

Түркия-Болгария қарым-қатынастарының үлкен әлеуетіне және артып келе жатқан ынтымақтастық қажеттілігіне назар аударған Октай екіжақты қарым-қатынастардағы қарқынның жалғасын табуын тіледі.

Октай Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға және Болгария армиясын жаңғырту жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Болгария вице-президенті Илияна Йотова болса Түркияның Украина-Ресей соғысында президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындағы бастамалары мен бейбітшілік үшін талпыныстарын құптағандарын білдірді.

Кездесу барысында терроризммен күрес және заңсыз көші-қонның алдын алудың үздіксіз бірлесіп жұмыс істеуді қажет ететін маңызды екі тақырып екені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар