Акар Әзербайжан Қорғаныс министрімен кездесті

Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов және Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладземен кездесті.

1940890
Акар Әзербайжан Қорғаныс министрімен кездесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2023 қысқы оқу-жаттығуының таңдаулы бақылаушылар күні іс-шараларын тексеру үшін Карсқа келген Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов және Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладземен үш жақты кездесу өткізді.

Кездесуге Түрік Қарулы Күштері қолбасшылық деңгейіндегі әскери лауазым иедері де қатысып,  әскери дайындық және ынтымақтастық мәселелер және аймақтық өзгерістер туралы пікір алмасты.

Үш елдің қорғаныс министрлері Түркия-Грузия-Әзербайжан қорғаныс министрлері жиналысы аясында 21 желтоқсанда Ұлттық Қорғаныс министрі Акардың үйінде Кайсериде бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар