Чавушоғлу Швецияның НАТО мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады
Чавушоғлу «Бірақ қазіргі бұл шарттарда Швецияның НАТО-ға мүшелігін қабылдай алмаймыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияның НАТО мүшелігіне байланысты міндеттемелерін орындайтын болса, онда ойластыруға болатынын айтты.
Чавушоғлу «Бірақ қазіргі бұл шарттарда Швецияның НАТО-ға мүшелігін қабылдай алмаймыз» деді.
Чавушоғлу мен Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сиярто Венгрияның астанасы Будапештте кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Түркия мен Венгрияның әлі күнге дейін Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігін мақұлдамайтын екі ел екендігі туралы сұраққа Чавушоғлу «Біз Түркия ретінде Венгрия сияқты НАТО-ның кеңеюін қолдаймыз» деді.
Түркияның Швеция мен Финляндияның қауіпсіздік мәселелерін түсінетінін атап көрсеткен Чавушоғлу «Бірақ бір жағынан бұл екі елдің қауіпсіздік мәселелерін түсінген кезде Түркияның қауіпсіздік мәселелерінің орындалмауын қабылдай алмаймыз. Олар террормен күресуі керек. Өкінішке орай, бұл террор ұйымдары ФЕТО, PKK, PYD осы елдерде. Әсіресе Швецияда әрекет жасауда. Террористтер қаражат жинау, терроризмді қаржыландыру, үгіт-насихат жасау сынды әрекеттер жасауда» деген сөздер қолданды.
Түркия, Швеция және Финляндия арасында қол қойылған үш жақты меморандумға назар аударған министр Чавушоғлу «Осы меморандумына сәйкес екі ел өз елдерінде мұндай әрекеттерді тоқтататын болады. Бұл анық және айқын» деп көрсетті.