Шентоп СКТР және Пәкістан делегациясымен кездесті

Шентоп Солтүстік Кипр Түрік Республикасының  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағында   бақылаушы мүшесі екенін айтты.

1939397
Шентоп СКТР және Пәкістан делегациясымен кездесті
durrani-sentop.jpg
tore-sentop.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Республикалық Мәжілісінің төрағасы Зорлу Төре және Пәкістан Ұлттық Мәжілісі төрағасының өкілі Захид Экрем Дурранимен кездесті.

17-ші Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағы  конференциясы аясында Алжирде болған Шентоп Төремен кездесті. Кездесуде Шентоп Солтүстік Кипр Түрік Республикасының  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағында   бақылаушы мүшесі екенін айтты.

Шентоп Түркияның үйінде өткен халықаралық кездесулерге СКТР Парламенті төрағасы мен депутаттарды шақыруға қамқорлық танытқандарын айтып, мұндай кездесулердің Кипр мәселесін талқылауға мүмкіндік беру тұрғысынан маңызды екеніне назар аударды.

Төре де «СКТР – біздің ұлттық мемлекетіміз, енді одан бас тартуымыз мүмкін емес» деді.

Түркияның СКТР халқы үшін үлкен қуат көзі екенін айтқан Төре «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық Одағының кемсітушілігін де білеміз. Бұны қабылдауға болмайды. Алайда біздің күш-жігеріміз Еуропада және бүкіл әлемде жалғасады» деген сөздер қолданды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп одан кейін Пәкістан Ұлттық Мәжілісі төрағасының өкілі Дуррани және бірге келген делегацияны қабылдады.

Пәкістанмен дипломатиялық қарым-қатынастың 75 жылдығына арналған шаралардың биыл өткізілгенін білдірген Шентоп Пәкістан-Түркия қарым-еқатынастарының оң дамуымен қатар Түркия-Әзербайжан-Пәкістан арасындағы үштік механизмге де ерекше мән беретінін айтты.

Дуррани болса су тасқынынан кейін Түркияның Пәкістанға жасаған жәрдемдеріне риза екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар