Түркия - Әзербайжанның жанында
Ердоған «Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптаймын» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Әзербайжанның жанында екенін атап, «Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптаймын» деді.
Президент Ердоған Тегеран қаласында орналасқан Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылға байланысты мәлімдемесінде шабуылды қатаң түрде айыптағанын білдірді.
"Қауіпсіздік қызметінің басшысы шейіт болған жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптаймын. Әзербайжан бауырларымызға көңіл айтамын және жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Түркия өзінің қымбатты досы және бауыры Әзербайжанның жанында" деді президент.
Бүгін таңертең Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасалып, Калашников автоматынан оқ жаудырған шабуылшы елшіліктің қауіпсіздік басшысын өлтіріп, 2 күзетшіні жаралаған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Чавушоғлу Түркияға берілген көмекке тоқталды
Мевлүт Чавушоғлу Халықаралық жылу жинаушылар конференциясынан кейін мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу: Швеция басқан қадамдар жеткіліксіз
Министр Чавушоғлу Халықаралық донорлар конференциясында үн қатты.