ҰҚК мәлімдеме жариялады

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі президент Ердоғанның басшылығында бас қосты.

1937987
ҰҚК мәлімдеме жариялады

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) Түркияның ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін нысанаға алған ешбір қылмысқа жол берілмейтінін атап көрсетті.

ҰҚК президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен бас қосты.

Жиналыстан  кейін жарияланған мәлімдемеде Грекияның арандатушылық әрекеттері мен қарулану талпыныстарының аймағымыздағы шиеленісті арттырудан басқа ешқандай пайда әкелмейтіні және Түркияның ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін нысанаға алған ешбір іске жол берілмейтіні тағы бір мәрте баса айтылды.

Түркияның НАТО-ның ашық есік саясатын қолдайтыны айтылған мәлімдемеде екінші жағынан НАТО альянсына кіргісі келетін мемлекеттердің одақтың заңы мен рухына сәйкес әрекет етуі және террор ұйымдарымен күрес туралы өзара түсіністік меморандумынан туындайтын міндеттемелерін дереу орындауы керектігі атап өтілді.

Исламға қарсы нәсілшілдіктің көрінісі болып табылатын және миллиардтаған адамның қасиетті құндылықтарын нысанаға алған жантүршігерлік шабуылдар қатаң айыпталды. Діни сенім, ар-ождан және ой бостандығы сияқты құндылықтарға нұқсан келтіретін, демократия мен сөз бостандығымен түсіндірілмейтін әрекеттерді қолдайтын және қорғайтындар адам құқықтарын жоққа шығаратын бұл өшпенділік қылмысының серіктестері екені ескертілді.



Ұқсас жаңалықтар