Түркияға эмбаргоны алып тастады
Финляндия Түркияға қару лицензиясын берді.
1938196

Финляндия Түркияға әскери техниканы экспорттау лицензиясын берді.
Финляндия Қорғаныс министрлігі 2019 жылдан бері қолданылып келген «Түркияға Әскери қондырғыларды экспорт эмбаргосын» алып тастады және сатуға лицензия берді.
Финляндия Түркияның Сириядағы лаңкестік ұйымдарға қарсы әскери операциясына байланысты 2019 жылдың қазан айында эмбарго жүргізе бастаған еді.
Қару эмбаргосын алып тастау Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдау үшін Түркияның алға қойған шарттарының бірі болып табылады.