Фахреттин Алтун Илон Маскқа үн қатты

Алтун жалған ақпараттың адамзатқа қауіп төндіретін вирусқа айналғанын баяндады.

1937746
Фахреттин Алтун Илон Маскқа үн қатты

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Twitter әлеуметтік медиа компаниясының жаңа иесі Илон Маскқа үн қатты.

Фахреттин Алтун ел астанасы Анкарада өткен «Жасанды интеллект дәуірінде жалған ақпаратпен күресу әдістері» бағдарламасына қатысты.

Twitter-дің Түркияда жасаған құпия цензураға наразылық көрсеткен  Алтун «Осы жерден мен жаңа Twitter  басшылығына және Илон Маск мырзаға үн қатамын. Twitter арқылы Түркияның саяси өміріне қандай араласулар жасалғанын түсіндіріп беріңіз. Құрметті президент Режеп Тайып Ердоғанның және біздің әлеуметтік медиа аккаунттарымызға қандай құпия цензура қолданғанын паш етіңіз. Бүкіл әлем жұртшылығы неоколониализм қолданатын гибридтік әдістерді анық көре алатындай етіп түсіндіріңіз. Әлеуметтік желіге қайтадан сенуіміз үшін түсіндіріңіз» деді.

Алтун жалған ақпараттың адамзатқа қауіп төндіретін вирусқа айналғанын баяндады.

Алтун «Өзінің мүддесін көздемейтін, соған бағынбайтын, оларға тәуелді емес кез келген басшыға операция жасауға дағдыланған БАҚ өкілдері біз үшін жарамсыз» деді.

Алтун «Террористік ұйымдарды қолдауды демократиямен байланыстыратындардың Исламға қарсы шабуылды заңды деп санайтындардың бетперделері түсіп қалды» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар