Түріктің ұшқышсыз жойғыш ұшағы сынақтан сәтті өтті

«Bayraktar Kızılelma» екінші ұшуында жүйені анықтау сынағын сәтті аяқтады.

1937044
Түріктің ұшқышсыз жойғыш ұшағы сынақтан сәтті өтті

Түркияның алғашқы ұшқышсыз жойғыш ұшағы «Bayraktar Kızılelma» екінші ұшуында жүйені анықтау сынағынан сәтті өтті.

«Байкар» компаниясының  мәлімдемесіне қарағанда, компания толығымен өз капиталымен әзірлеген Түркияның алғашқы ұшқышсыз жойғыш ұшағы «Bayraktar Kızılelma» екінші ұшуында жүйені анықтау сынағын сәтті аяқтады.

Компания басқарма төрағасы және технология жетекшісі Селчук Байрактар ​​да әлеуметтік медиа аккаунтында "Біздің «Bayraktar #KIZILELMA» екінші ұшу сынағын сәтті аяқтады. Көкжиегі ашық болсын." деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар