Нидерланды елшісі шақырылды

Түркия Гаадағы әрекетке наразылық білдірді.

1937172
Нидерланды елшісі шақырылды

Нидерландының Түркиядағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Нидерландының Гаага қаласында Исламға қарсы бір кісінің 22 қаңтарда қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді нысанаға алған шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Швециядан кейін осы жолы Нидерландыда болған, қасиетті құндылықтарымызды қорлайтын және өшпенділік қылмысын қамтитын бұл жексұрын әрекет Еуропада исламофобия, кемсітушілік және ксенофобияның шекарасы жоқ екенін айқын дәлелдейді.

Бұл әрекеттер тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамзаттың негізгі құқықтары мен бостандықтарына, моральдық құндылықтарына және әлеуметтік төзімділігіне тікелей бағытталған. Тату-тәтті өмір сүру мәдениетіне де зиянын тигізеді.

Нидерландының Түркиядағы елшісі министрлікке шақырылып, бұл жантүршігерлік және жексұрын әрекетті айыптап, наразылық білдіргенімізді және Нидерландының мұндай арандатушылық әрекеттерге жол бермеуін талап еткенімізді жеткіздік.

Нидерланды билігі оқиғаның жауаптысына қатысты қажетті шараларды қабылдап, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін нақты шараларды жүзеге асырады деп күтеміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар