"Түркиямен соғыспаймыз"
Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Түркиямен қатынастары жайлы сұрақтарға жауап берді.

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Түркиямен проблемаларына үстел басында шешім табылатынына сенетінін, екі ел арасында соғыс болады деп ойламайтынын білдірді.
Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында сұхбат берген Кирякос Мицотакис Түркия мен Грекия арасында соңғы үш жылдан бері үлкен келіспеушілік бар екенін және бір шешім табылатынына сенетінін айтты.
Фарид Закарияның «Мейс аралына қатысты қауіп бар ма? және Түркиямен соғыс бола ма?» деген сауалдарына Мицотакис «Түркиямен соғыспаймыз» деп жауап берді.
Түркия мен Грекия арасындағы басты проблеманың Эгей мен Жерорта теңізіндегі теңіз юрисдикциясы аймақтарының шектелуі екенін алға тарта отырып Мицотакис «Біз Түркиямен саналы ересектер ретінде отырып, негізгі мәселемізді шеше білуіміз керек» деді.
Грекия мен Түркияда сайлаудың жақын уақытта өтетінін атап көрсеткен Мицотакис «Менің ойымша, шиеленісті азайту, ортақ мүддеге қатысты мәселелерде жұмыс істеу, келіспеушілік болған кезде келісу жолдары бар» деді.
Кирякос Мицотакис президент Режеп Тайып Ердоғанмен талай рет сөйлескендерін де баса айтты. «Біздің басымыздан өте қиын кезеңдер бастан өткерсек төтсе де, президент Ердоғанмен шешім табу мүмкін емес деп ойламаймын” деді ол.