Президент Ердоғаннан мәлімдемелер

Президент Ердоған журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1935792
Президент Ердоғаннан мәлімдемелер

Президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің сөздерінің аймақтың тағдырын анықтауға жеткіліксіз екенін айтты.

Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген президент Ердоған Грекияның соңғы қадамдарына қатысты мынадай баға берді: "Аралдарды қаруландыру арқылы Лозаннаға да, басқа келісімдерге де қайшы қадамдар жасап отыр. Мицотакистің бұл мәлімдемелері әсіресе аймақтың тағдырын анықтауға жеткіліксіз".

Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы берген сұхбатында Кирякос Мицотакис Түркия мен Грекия арасында соңғы үш жылда үлкен келіспеушіліктер бар екенін және шешімнің табылуы мүмкін екенін айтқан еді. Түркия мен Грекия арасындағы басты проблеманың Эгей мен  Жерорта теңізіндегі теңіз юрисдикциясы аймақтарының шектелуі екенін алға тартқан Мицотакис «Біз Түркиямен саналы ересектер ретінде отырып, негізгі мәселемізді шеше білуіміз керек» деді ол.

Ердоған айырықша «The Economist» журналының Түркиядағы сайлауының жанжалды мұқабасы туралы сұраққа жауап берді. "Түркияның тағдырын ағылшын журналы белгілей ме? Түрік ұлты анықтайды. Ұлтым не десе, Түркияда солай болады" деді ол.



Ұқсас жаңалықтар