Чавушоғлу Блинкенмен кездесті

Түркия АҚШ-ты қатынастарда теңгерімді болуға шақырды.

1934932
Чавушоғлу Блинкенмен кездесті
cavusoglu-blinken.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Біз Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) Грекиямен қарым-қатынаста қайтадан теңгерімді болуға шақырамыз» деді.

Түркия-АҚШ стратегиялық механизмі II. Министрлер кездесуі аясында АҚШ-тың астанасы Вашингтонда әріптесі Энтони Блинкенмен кездескен Чавушоғлу кейін түрік баспасөз өкілдерімен бас қосты.

«АҚШ Грекиямен қарым-қатынасындағы тепе-теңдікті өз пайдасына бұзды» деген Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Грекияның қарусыздандырылған аралдардың мәртебесін бұзғанын және АҚШ-тың бұл мәселеге қарсылық көрсетпегенін айтты.

Чавушоғлу Жерорта теңізіндегі оқиғалар туралы былай деді: "Кипр гректері АҚШ-тан қару сатып ала алады. Кімге қарсы? Кипр түріктеріне қарсы, Түркияға қарсы. Өйткені кипрлік гректер лас ақшаны «ақтауда» жақсырақ ынтымақтасады. Мәселе лас ақша болса, басқа да ынталандырулар берілуі мүмкін. Бұл теңгерімді бұзу дегенді білдіреді. Біз АҚШ-ты Грекиямен қарым-қатынаста қайтадан теңгерімді болуға шақырамыз»

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу АҚШ-тың Грекияға F-35 ұшағын сатуына қатысты «Біз Грекия сияқты кедергі саясатын ұстанатын ел емеспіз. Біз өзімізге сенімдіміз» деді.

Чавушоғлу бұл мәселеде АҚШ-тың НАТО-ға мүше екі ел арасында тең болуы керектігін еске салғанын баса айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де Мевлүт Чавушоғлумен кездесуінен кейін «Twitter» парақшасында жазба жариялады. Ол  Түркиямен Украина, Сирия және басқа да көптеген мәселелерде координацияның жалғасуы туралы келіскендерін жазды.

Блинкен Чавушоғлумен стратегиялық механизм аясында көптеген маңызды мәселені талқылағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар