Шентоп екіжақты кездесулер өткізді

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Түркіменстан Ұлттық Кеңесінің төрайымы Гүлшат Мамедовамен кездесті.

1930432
Шентоп екіжақты кездесулер өткізді
Sentop-Gulsat Mammedova.jpg
Sentop-Muhammed Bager Galibaf.jpg
Muhsin Ali Ekber El Mendelavi-Sentop.jpg
Zorlu Tore-Sentop.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Анталияда өткен Азия Парламенттік Ассамблеясының 13-ші Бас ассамблеясы аясында екіжақты кездесулер өткізді.

Шентоп Түркіменстан Ұлттық Кеңесінің төрайымы Гүлшат Мамедовамен кездесті.

Мұстафа Шентоп Түркия мен Түркіменстанның ортақ тарихы, тілі, діні және мәдениетімен жақын екі бауырлас ел екеніне назар аударды.

Шентоп «Біз Түркі әлемі ретінде бірлік пен ынтымақпен әрекет ету бүгінгідей болашақта да тыныштығымыздың, тұрақтылығымыздың және береке-бірлігіміздің кепілі деп ойлаймыз» деді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Республикалық мәжілісінің төрағасы Зорлу Төремен де кездескен Шентоп «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркия үшін әрқашан ерекше орынға ие » деп көрсетті.

Шентоп Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Багер Галибафпен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық салада дамуын тіледі.

Екіжақты және аймақтық қарым-қатынастарды ортақ мүдделер аясында дамытуға мән беретіндерін түсіндірген Шентоп Түркияның көршілерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әрқашан  көңіл бөлетінін білдірді.

Террормен күресте екі елдің ынтымақтастығын арттыру қажеттігін атап көрсеткен Шентоп «Аймағымыздағы террор ұйымдарының толық жойылуы үшін жан-жақты стратегиялар әзірлеуіміз керек» деген сөздер қолданды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп Ирак Өкілдер палатасы төрағасының орынбасары Мухсин Али Экбер Аль Менделавимен де кездесті.

Шентоп екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті орнату және сақтау үшін үлкен мәнге ие екенін айтты.

Шентоп «Жаңа үкімет Ирак халқының үмітін ақтайтын саясаттарды қабылдайды деп үміттенеміз және Иракты қалпына келтіру және дамыту үшін күш-жігерді шын жүректен қолдаймыз» деді.

Шентоп терроризммен тиімді күресте принципті және табанды ұстанымның маңыздылығына тоқталды. Шентоп «Терроризммен күресте көздеген нәтижелерге жету үшін халықаралық ынтымақтастық өте маңызды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар