Ердоған қорғаныс өнеркәсібінде жаңа сүйіншілер беруде
Ердоған 2023 жылы қорғаныс өнеркәсібінде халыққа жаңа сүйіншілер беруді жалғастыратындарын білдірді.



Президент Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы қорғаныс өнеркәсібінде халыққа жаңа сүйіншілер беруді жалғастыратындарын білдірді.
Президент Ердоған Сакарияда өткен «Жаңа буын» дауыл гаубицасын тапсыру рәсімінде сөз сөйледі.
Түрік Қарулы Күштеріне бүгін 6 жаңа буын дауылды гаубицасы тапсырылғанын атап көрсеткен Ердоған алдағы уақытта бұл санды 140-қа жеткізетіндерін білдірді.
Ердоған жаңа буын дауыл гаубицалары қазіргі кезде түгендеудегі үлгілерге қарағанда көптеген артықшылықтарға ие екенін атап өтті.
Дауыл гаубицасының күшін күшейтетін жаңа жүйелерімен шетелге тәуелділікті азайтқандарын айтқан Ердоған бұл жерде қол жеткізген қарқынын Алтай танкі қатарлы басқа стратегиялық жобаларладда да жалғастырғандарын білдірді.
Ердоған Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының кең аумақтағы табыстарымен соғыс әдістерін өзгерткенін баяндады.
Президент Ердоған «Анадолы кемесіне орналастыратын «Bayraktar TB3» қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары алғашқы рейсін жасайды. Гөкбей жалпы мақсаттағы тікұшақтарын жандармерияда қолданыла бастайды. Біздің соғыс «Atak 2» тікұшағымыз алғашқы рейсін жасайды. Жаңа буын дауыл гаубицасын тапсыру рәсімімен бастаған 2023 жылды қорғаныс саласында ұлтымызға беретін жаңа сүйіншілермен жалғастырамыз» деді.