Акар «Біз 6 мильден артық қабылдамаймыз» деді

Министр Акар Түрік Қарулы Күштері қолбасшыларымен бірге  Коджаелидегі Гөлжүкте Әскери-теңіз күштері қолбасшылығында тексерулер жүргізді.

1929961
Акар «Біз 6 мильден артық қабылдамаймыз» деді

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Грецияның Критте 6 миль болған су айдындарын 12 мильге кеңейтуге дайындалып жатқаны туралы пайымдауға  байланысты  «Біз 6 мильден артық қабылдамаймыз» деді.

Министр Акар Түрік Қарулы Күштері қолбасшыларымен бірге  Коджаелидегі Гөлжүкте Әскери-теңіз күштері қолбасшылығында тексерулер жүргізді.

Грекияның Криттің аумақтық су айдынын 6 мильден 12 мильге көтеруге дайындалып жатқаны туралы пайымдауларға сілтеме жасаған Акар «6 мильден артықты қабылдамаймыз» деп көрсетті.

Акар кейбір грек лауазымды тұлғаларының «Түркия Грекияға қауіп төндіреді» деген мәлімдемелерін де сынға алды.

Акар «Түркия ретінде ешкімді қорқытқан жоқпыз. Біз ешқашан Грекияда болған емеспіз. Түркия күшті, сенімді және тиімді одақтас. Күшті Түркия, күшті Түрік Қарулы Күштері, күшті НАТО, күшті одақтас. Біз мұны барлығының білгенін қалаймыз» деген сөздер қолданды.

Хулуси Акар Түркияның Кипрдегі кепілгер елдер қатарында екенін айтты.

Акар «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы құрылды, мәселе оның танылуы. Біз бұл тақырыппен айналысып жатырмыз.» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар