Акар Грекия мәселесіне тоқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекиямен күрделі мәселелердің бар екенін айтты.

1929086
Акар Грекия мәселесіне тоқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Біз оларды диалог арқылы шешу үшін шын мәнінде көп жұмыс істеп жатырмыз. Грекиядан біздің бастамаларымыздың ешқайсысына оң жауап алған жоқпыз» деген сөздер қолданды.

Хулуси Акар Токатта жасаған мәлімдемесінде «Грекиямен арамызда күрделі проблемалар бар. Біз мәселелерді диалог арқылы шешу үшін шын мәнінде көп жұмыс істеп жатырмыз. Ешбір бастамамызға Грекиядан оң жауап алған жоқпыз. Күні кеше ғана Эгейде балықшыларымызды қорлады. Грекия күндіз-түні арандатушылық жасауда. Бізге жасалған қысымды жауапсыз қалдырмаймыз. Жасалған барлық болымсыз істеріңізге қарамастан, біз мәселелерді диалог арқылы шешейік деп айтып отырмыз. Арандатушылық әрекеттиеріңізден бас тартыңыз. Біз мәселелерді бейбіт жолмен шешкіміз келеді. Кел отырып әңгімелесейік дейміз. Өкінішке орай, біз проблеманы көріп отырмыз. Сіз тарихта осылай жасадыңыз, нәтижесі белгілі» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар