Чавушоғлу Израиль Сыртқы істер министрімен сөйлесті
Мевлүт Чавушоғлу Израильдің жаңа Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильдің жаңа Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен телефон арқылы сөйлесті
Чавушоғлу «Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Әл-Ақса мешітіне қарсы жасаған арандатушылық әрекетін қабылдауға болмаймыз» деді.
Сыртқы істер министрлігінен алынған мәліметке қарағанда Чавушоғлу әріптесі Коэнді жаңа қызметімен құттықтады.
Аталмыш мәлімдемеде былай делінді: «Министр Чавушоғлу Коэнге еліміздің Палестина мәселесіне қатысты сезімталдығы мен талаптарын еске салып, осы тұрғыда Израиль Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің алдыңғы күні Әл-Ақса мешітіне қарсы арандатушылық әрекетін қабылдамайтынымызды баса айтты. Министр Чавушоғлу Әл-Ақса мешітінің мәртебесін сақтаудың маңыздылығымызға тоқталып, әр түрлі арандатушылық әрекеттердің алдын алуды күтетінімізді әріптесіне жеткізді».
Әңгіме барысында екі министр екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.