Чавушоғлу БАӘ сыртқы істер министрімен сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрі Абдалла бен Заид Әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

1927649
Чавушоғлу БАӘ сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел министрі телефондағы әңгімеде Ауғанстандағы соңғы оқиғалар және Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуылды қолға алды.

Министрліктің жасаған мәлімдемеге қарағанда Чавушоғлу мен Әл-Нахаян Ауғанстанда билік басындағы Талибанның әйелдердің білім алуына тыйым салу, сондай-ақ олардың ұлттық және халықаралық азаматтық және гуманитарлық ұйымдардан аластатылуына байланысты ортақ алаңдаушылықтарын талқылады.

Түркияның аталған шешімнің кері қайтарылатынын күтетінін қайталаған Чавушоғлу бұл мәселеде, әсіресе Ислам Ынтымақтастық Ұйымының үйлестірілген күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды.

Әңгіме барысында министрлер Израильдің ұшқары оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің кеше Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын да айыптады.

Екі министр сонымен қатар Израиль билігін аймақтағы тұрақсыздықты азайту үшін жауапкершілікті алуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар