124 мың босқын депортацияланды

Босқындардың кері қайтару орталықтарының саны 30-ға, әлеуеті 20 мың 540-қа жетті.

1926961
124 мың босқын депортацияланды

Былтыр Түркияда 124 мың 441 босқын депортацияланды.

Ішкі істер министрлігі Көші-қон басқармасы көшті басқару істері бойынша 2022 жылдың деректерін жариялады.

Осыған орай былтыр 280 мың 206 босқынның елге заңсыз кіруіне кедергі жасалды. Ұсталған босқын саны 236 мың 572 ретінде тіркелді. Былтыр депортацияланған босқын саны 124 мың 441 болды.

Депортацияланған босқын саны алдынғы жылмен салыстырғанда 161 пайыз артты. Босқындардың кері қайтару орталықтарының саны 30-ға, әлеуеті 20 мың 540-қа жетті.

Қазір Түркияда 3 миллион 535 мың 989 сириялық азамат өмір сүреді.  Сириядағы сенімді аймақтарға былтыр 58 мың 758, бүгінге дейін 539 мың 332 сириялық азамат өз еркімен қайтты.

Әлеуметтік үйлесімділік және тұрмыс оқу-семинарлары шеңберінде былтыр 1 миллион 395 мың 55, бүгінге дейін 1 миллион 549 мың 680 адамға білім берілді.



Ұқсас жаңалықтар