Ердоған 2022 жылғы үкіметтің қызметтерін қорытындылады

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунттарынан 2022 жылғы үкіметтің қызметтерін қорытындылады.

1926203
Ердоған 2022 жылғы үкіметтің қызметтерін қорытындылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер аккаунтынан 254 хабарламамен 2022 жылы Түркияға жасалған қызметтерді бағалады.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунттарынан 2022 жылғы үкіметтің қызметтерін қорытындылады.

Елде 2022 жылы жасалған қызмет пен жобаларды 20-ға жуық тақырыптағы 254 хабарламамен түсіндірген Ердоған әрбір хабарлама үшін арнайы көріністер қолданды.

Президент Ердоғанның хабарлама сериясы 2023 жылдың алғашқы минутына дейін жалғасты.

Ердоғанның хабарламаларында Чанаккале Жеңісін білдіретін сағат 19.15 Чанаккале 1915 көпіріне, Республиканың жүз жылдығын бейнелейтін сағат 20.23 Түркияның электр көлігі "TOGG"-қа, Стамбул жеңісінің 600 жылдығына арналған 20:53-те Түркияның алғаш реактивті пилотсыз жойғыш ұшағы "Байрактар Қызылелмаға" тағайындалды.

Президент Ердоған кейін күні бойы жасаған барлық бейнебаян орын алған «Түркия ғасыры» әнімен бірге бөлісіп, «Тек 2022 жылы атқарған жұмыс пен қызметтердің қысқаша мазмұнының өзі сағаттар мен күндерге сыймайды. Республикамыздың 100 жылдығында иншалла әлі талай қызмет және жобалармен ұлтымыздың алдында боламыз деп сенемін. Біз #TürkiyeYüzyılı (#Түркияғасырын) бірге, біртіндеп тарихқа енгіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар