5 террорист ұсталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ванда шабуылға дайындалған ПКК-ның 5 мүшесінің оқ-дәрі және жарылғыш заттармен бірге ұсталғанын айтты.

1924963
5 террорист ұсталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ванда шабуылға дайындалған бөлшектеуші террористік ұйымы ПКК-ның 5 мүшесінің оқ-дәрі және жарылғыш заттармен бірге ұсталғанын хабарлады.

Сүлейман Сойлу ел астанасы Анкарада жасаған мәлімдемесінде Ванда террорға қарсы операция жасалғанын айтты.

"Біз Вандағы осы құрылымды көптен бері қадағалап келеміз. Олар операция жасауға дайындалып жатқан және бұйрықты Ираннан алған" деді министр.

Сойлу террор ұйымы ПКК-ның қалалық құрылымы екені анықталған 5 адамдық шағын топтың шабуылға дайындалып жатқанын білдіріп:

«Әрі операция жасауға дайындалған, әрі бірге әрекет етуді жоспарлаған 5 адамнан тұратын топ оқ-дәрілермен және жарылғыш заттар механизмімен бірге ұсталды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар