Ердоған христиан азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Рождество мерекесіне орай хабарлама жариялады.

1923402
Ердоған христиан азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 24 желтоқсан Рождество мерекесіне орай христиан азаматтарға хабарлама жариялады.

Христиан дініндегі азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтаған Ердоған «Біз мүшесі болған өркениеттің құндылықтары бағытында әртүрлі діндер мен мәдениеттердің болмысын бір байлық деп санаймыз. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, бірлік пен ынтымақтастығының негізі болып табылатын бұл түсінік біздің болашақта тату-тәтті өмір сүруімізге мүмкіндік беретін ең маңызды күшіміз. Христиан азаматтарымыздың өз нанымдарына сай тойлайтын Рождестволық мерекелердің ынтымақтастығымызды дамытуға ықпал етеді деп сенемін. Осы сезім және ойлармен христиан азаматтарымыздан бастап, бүкіл христиан әлемін тағы да құттықтай отырып, өздеріне жақсылық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар