Түркия Қытайға наразылық көрсетті

Синирлиоғлу: "Ешбір елдің бізге терроризммен күрес туралы дәріс беруге құқығы жоқ".

1922187
Түркия Қытайға наразылық көрсетті

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу Түркияның Сириядағы террор ұйымы PKK/YPG-мен күресін айыптаған Қытай өкіліне қатаң наразылық білдірді.

Синирлиоғлу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Түркияны «Сирияның солтүстігіне қайта-қайта әуе және артиллериялық соққы беру және ‘құрлық операциясын бастаймыз’ деп қорқытумен» айыптаған және «бұл шабуылдарды дереу тоқтатуға» шақырған Қытайдың БҰҰ тұрақты өкілі Гэн Шуанға жауап қайтарды.

Синирлиоғлу «Ешбір елдің бізге терроризммен күрес туралы дәріс беруге құқығы жоқ. Бізге өз шекарамыз бен халқымызды қорғау кезінде не істеп, не істемеу керектігін айтуды «өзінің құқығы» деп қабылдағандардың мәлімдемелерін жоқ деп есептейміз» деді.

Түркияның террормен күрестегі табандылығының мызғымас екенін, халқын қорғау және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қадамды басатындарын атап көрсеткен Синирлиоғлу соңғы екі жылда Сирияның солтүстігіндегі PKK/YPG-нің шабуылдарында 500-ден астам сириялықтың қаза тапқанын білдірді.

Синирлиоғлу «PKK/YPG/SDG солтүстік шығыста халыққа қысым жасап, сепаратистік күн тәртібін жүзеге асыруда. ДАИШ-пен күресу сылтауымен осы лаңкестік/сепаратистік ұйымға қолдау көрсету ең алдымен Сирияның аумақтық тұтастығына бағытталған табандылықты растайтын БҰҰ қарарларына қарама-қайшы келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар