Мәжіліс төрағасы Солтүстік Македеонияға аттанды

ТҰҰМ төрағасы ресми кездесулер өткізу үшін Солтүстік Македонияның бас қаласы Скопьеге барды.

1921242
Мәжіліс төрағасы Солтүстік Македеонияға аттанды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп ресми кездесулер өткізу үшін Солтүстік Македонияның бас қаласы Скопьеге барды.

Шентопты Анкара Есенбоға әуежайынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Бас хатшысы Мехмет Али Кумбузоглу, Анкара губернаторының орынбасары Мұрат Сойлу және басқа да тиісті лауазымдылар шығарып салды.

Мәжіліс төрағасы Шентопқа қоса ресми сапарға Әділет және даму партиясы төраға орынбасары және Чанкыры депутаты Мұхаммет Эмин Акбашоғлу, Түркия-Солтүстік Македония парламентаралық достық тобының төрағасы және Бурса депутаты Ахмет Кылыч, Республикалық халық партиясы (РХП) Бурса депутаты Юксел Өзкан, IYI партиясы Анкара депутаты Ибрахим Халил Орал және Ұлтшыл қозғалыс партиясы (ҰҚП) Бурса депутаты Мұстафа Хидает Вахапоглу да Скопьеге барды.



Ұқсас жаңалықтар