Еуропадағы ең ірі газ қоймасы Стамбуда ашылады

Силиври ауданындағы Еуропаның ең үлкен газ қоймасының тұсауын президент Режеп Тайып Ердоған кеседі.

1919546
Еуропадағы ең ірі газ қоймасы Стамбуда ашылады
silivri dogal gaz depolama.jpg

Түркия энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігі саласында тағы бір алып инвестицияны іске қосуда.

Стамбулдың Силиври ауданындағы Еуропаның ең үлкен газ қоймасындағы жұмыстар қызу жалғасуда.

Бастапқы сатыда 3.2 миллиард текше метр сақтау сыйымдылығы мен 28 миллион текше метр күнделікті өндіру қуатына ие болған Силиври табиғи газ қоймасының сыйымдылығы арттырылды.

Алғашқы сатыда 18 ұңғымада кеңейту жұмыстары жүргізілді. Теңізде 2 платформа орнатылды.

Екінші кезегі іске қосылатын нысанның қуаттылығы осылайша 4 миллиард 600 миллион текше метрге дейін ұлғайтылды.

Алып нысан осы күйімен Түркияның жылдық табиғи газ қажеттілігінің шамамен 8 пайызын қанағаттандыра алады.

Нысанның электр энергиясына деген қажеттілігі орнатылған қуаты 4.2 мегаватт күшіндегі жел турбинасы арқылы қамтамасыз етіледі.

Сыйымдылығы арттырылған алып нысанның бетін бүгін президент Режеп Тайып Ердоған ашады.



Ұқсас жаңалықтар