PKK-ның іздеу салынған 2 басшысы залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі операциямен байланысты мәлімдеме жасады.

Ішкі істер министрлігі Шырнақта залалсыздандырылған 3 террористтің екеуінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның «сұр» санатта іздеу салынған басшылары арасында орын алғанын хабарлады.
Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда «Эрен аблука Күз-қыс-15» операциясы аясында Шырнакта жалғасқан операциялар барысында Гүчлюконак ауданына қарасты Габар тауы аймағында 3 террорист қаруларымен залалсыздандырылды.
Залалсыздандырылған террористердің бірі «Іздеу салынған террористтер тізімінде» «сұр» санатта орын алған ұйымның жауаптысы «YJA-Star» аймағы жауапкері «Сылав Кочер» лақапты Бехийе Качар екені анықталды.
«Сұр» санаттағы екінші лаңкестің болса террор ұйымының арнайы күштері құрамындағы «Агит Низип» лақапты Якуп Демир екені білдірілді.
Террорист Демирдің 2019 жылы 6 мамыр күні Габар тауы Карагечит елді мекенінде 6-шы Жаяу әскер десанты бригадасы қолбасшылығының операциясында жаяу әскер Гөркем Аккуш шейіт болған қарулы шабуылға қатысқаны анықталды.
Операциялардың жалғасында қақтығысқа түскен және үңгірде қамалған PKK-ның «Габар майданы» деп аталатын «Гели тобы» жауапкері «Бермал Зилан» лақапты Михрибан Секмен де қаруы және құрал-жабдықтарымен тірідей қолға түсті.
Хаккаридің Шемдинли ауылында террор ұйымы PKK/KCK-PYD/YPG тарапынан 2017 жылы жасалған көптеген қарулы шабуылдарға қатысқан аталмыш террорист сот шешімімен қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар

Президент Ердоған Ирак премьер-министрін қабылдады
Президент Ердоған Ирак премьер-министрі Суданимен Президенттік сарайда бас қосты.