"Қарым-қатынастарды нығайтып отырмыз"

Түркия, Әзербайжан және Түрікменстан Сыртқы істер министрлері бас қосты.

1918415
"Қарым-қатынастарды нығайтып отырмыз"
cavusoglu turkmenistan1.jpg
cavusoglu turkmenistan.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу түркі әлемі ішінде Түрік Мемлекеттері Ұйымымен (TМҰ) және екіжақты, үшжақты, төртжақты механизмдермен қарым-қатынастарды нығайтқандарын айтты.

Чавушоғлу Түрікменстанның Аваза қаласында өткен «Аваза саммиті» алдында ұйымдастырылған Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің үшжақты жиналысында сөз сөйледі.

Бауырлас үш елдің сыртқы істер министрлері ретінде бас қосқандарына өте қуанышты екенін айтқан министр Чавушоғлу үш елдің энергетика және көлік министрлерінің де үш жақты кездесулер өткізгенін еске салды.

Чавушоғлу «Ортақ мәдени мұрамыз, ортақ тіліміз бен дініміз және тарихымыз бізді біріктіреді» деді.

Түрік Мемлекеттері Ұйымы шеңберінде және екі жақты, үштік, төрттік механизмдермен түрік әлемі арасындағы қарым-қатынастарды нығайтқандарын атап көрсеткен Чавушоғлу "Бүгінгі министрлер кездесулерінде және ертеңгі көшбасшылар саммитінде  сауда, энергетика, көлік, экономика, кеден, білім, ғылым және мәдениет салаларында нақты қадамдар жасаймыз. Сондай-ақ тауар айналымын, қызмет көрсетуді жеңілдету бойынша күш-жігерімізді жалғастырамыз. Осылайша біз де аймақтық әл-ауқат пен қауіпсіздікке елеулі үлес қосамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар