Президент Ердоған Самсунда жастармен бас қосты
Ердоған «Байрактар Кызылелма» пилотсыз әскери ұшағының бір айда ұшуға дайын болатынын мәлімдеді.



Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның алғаш пилотсыз әскери ұшағы «Байрактар Кызылелманың» бір ай ішінде ұшуға дайын болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Президент Ердоған Самсунда жастармен бас қосты.
Елдің әрқайсысы бөлек мақтанышқа ие жобаларында жұмыс істейтін жастармен бірге екендерін білдірген Ердоған «Еліміздің «Түркия ғасырына» дайындығымыздағы ең маңызды күші – жастарымыз» деді.
Түркияның ұлттық қорғаныс өнеркәсібі саласында көптеген мәселені артта қалдырғанын атап айтқан Ердоған «Біз қызметке келген кезде қорғаныс өнеркәсібі саласында 20 пайыз отандық компаниялар бар болатын. Ал, қазір 80 пайызы отандық. Енді біз өзімізге жетеміз. Қазір F-16 әскери ұшақтарына оқ-дәрі жасап жатырмыз. Сондай-ақ зымыран өндірісін де бастадық» деді.
Түркияның зымыран өндірісінің Грекияны қорқытқанын атап көрсеткен Ердоған «Тайфун (зымыран) дейсіз, гректер қорқады, «Афиныға дейін жетеді» деп алаңдайды. Әрине жететін күшке ие. Тыныш отырмасаңыз, Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) аралдарға, анау-мынау жерден бірдеңе сатып алып қоныстандыратын болсаңыз, Түркия сияқты бір ел алмұрт термейтін шығар, бірдеңе істеу керек. Бұл жастар бекер өспейді» деді.
АҚШ-тың Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберуіне наразылық көрсеткен Ердоған «Мен бұл туралы оларға қайта-қайта айтсам да, олар бәрібір елемейді. Мен «Кешіріңіз, біз НАТО-да сізбен біргеміз, бірге болсақ та, бізге дұрыс емес әрекет жасап жатырсыз және террор ұйымын жақтайсыз» дедім. Ендеше кіндік бауымызды енді өзіміз кесеміз, басқа амал жоқ» деді.
Түркияның алғаш пилотсыз әскери ұшағы «Байрактар Кызылелма» туралы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында президент Ердоған «Бір айда «Байрактар Қызылелма» ұшатын болады. Бұл керемет бір туынды болмақ» деді.