Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист берілді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1917713
Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист берілді

Ирактың солтүстігінде Түрік Қарулы күштері (ТҚК) құрсауында қалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 4 террорист берілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) әуе қолдауымен жүргізілген операция кезінде берілген террористердің фотосуреттерін бөлісті.

ҰҚМ-нің Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Террористтер үшін құтылу мүмкін емес, жалғыз шешім түрік әділетіне бас ию. Десанттарымыздың әуе қолдауымен Ирактың солтүстігінде жүргізген операциясынан қашып құтыла алмайтындарын түсінген PKK-лық 4 террорист міне осылай берілді. Лаңкестермен бірге 4 АК-47 жаяу әскер қаруы мен оларға тиесілі 600 оқ, 10 қол гранатасы, рация, мерген оқтары тәркіленді. Операцияны сәтті орындаған түрік әскерін құттықтай отырып, сәттілік тілейміз» делінді.

Министрлік жасаған басқа мәлімдемеде Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасауға дайындалған PKK/YPG-лік 3 террористің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде «Біз террористерді қиялдарымен бірге шұңқырға көмуді жалғастырамыз» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар