Ердоған Халықаралық Адам құқықтары күнін құттықтады
Президент «10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күніне» орай хабарлама жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған адам құқықтарын қорғаудың Түркияның ғасырлар бойы бірге өмір сүру мәдениетінің негізгі қағидаларының бірі екенін айтты.
Президент Ердоған «10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтары күніне» орай хабарлама жариялады.
Ердоған хабарламасында «Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 74 жыл толуына орай барша азаматтарымды Халықаралық адам құқықтары күнімен құттықтаймын» деді.
Хабарламасында «Адамды құрметтеу, адам құқығын қорғау – көп ғасырлық бірге өмір сүру мәдениетіміздің және тамыры тереңде жатқан мемлекеттік дәстүріміздің негізгі қағидаларының бірі» деген Ердған «Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, соңғы 20 жылда жүзеге асырған әртүрлі реформалармен құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру жолындағы кедергілерді жойдық» деді.
Ердоған әсіресе азамат-мемлекет қарым-қатынасында адамды назарға алатын, теңгерімді, қамдаушы және еркін басқару тәсілін қамтамасыз еткендерін атап көрсетті.
«Сомалиден Сирияға, Ауғанстаннан Украинаға дейінгі аймақта қақтығыстар алдында да гуманитарлық көзқарасымызды көрсеттік» деген Ердоған «Қақтығыс аймақтарынан қашқан миллиондаған езілген халықты қабылдаған Түркия алғашқы күннен бастап бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштық орнатуға шын ниетпен ұмтылған жалғыз ел болды» деді.
Ердоған Қаратеңіз астық дәлізі мен тұтқын алмасу келісімін (Ресей мен Украина арасындағы) жүзеге асырып, миллиардтаған адамның өміріне теріс әсер еткен азық-түлік және энергетика дағдарысының шешілуіне үлес қосқандарын білдірді.
Террор ұйымдарына қарсы әртүрлі майдандарда жүргізгендері күресті де Түркияның адам өмірін сақтауға, негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруға зор маңыз беріп отырғанының көрінісі ретінде қарастыратынын атап өткен Президент әлемнің қай жерінде болса да қысымға, зұлымдыққа, әділетсіздікке, заңсыздыққа, қос стандартқа қарсы үндерін көтеретіндерін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар

PKK-лық 4 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді
PKK-лық 4 террорист Хабурдағы шекара бекетінде қауіпсіздік күштеріне берілді.