Түркияның Батыс Балқандағы орны ерекше

Вучич Түркияны Батыс Балқанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын серіктес ретінде көретіндерін айтты.

1917032
Түркияның Батыс Балқандағы орны ерекше
Aleksandar Vucic-Sentop.jpg
Aleksandar Vucic.jpg

Сербия президенті Александр Вучич Түркияны Батыс Балқанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын серіктес ретінде көретіндерін айтты.

Вучич Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Парламенттік Ассамблеясы төрағалығы Түркияға ауысқан 60-шы Жалпы кеңесіне  қатысу үшін Белградқа барған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады.

Вучич Шентоппен кездесуінен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Түркияның аймақта үлкен рөлге ие екенін атап көрсеткен Вучич «Сербия Түркияны Батыс Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын, Сербияда ғана емес, сонымен қатар аймақтың барлық елдеріндегі азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне үлес қосып, инфрақұрылым және энергия  саласындағы жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсететін серіктес ретінде қарастырады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар