TRT Бас директоры маңызды мәлімдеме жасады

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы медиа саласында әділетті әлем үшін күреске қолдарынан келгенше үлес қосу үшін күш салып жатқандарын айтты.

1916948
TRT Бас директоры маңызды мәлімдеме жасады

Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) Бас директоры Мехмет Захид Собажы жаһандық коммуникация жүйесінде шындық пен өтірік, ақиқат пен иллюзияның бір-бірімен астасып жатқанын айтты.

Биыл 6-шы рет өткізілген «TRT World Forum» 2022 ашылуында Собажы ағымдағы жағдайды барлық анықтығымен ашудың және белгісіздіктерді жақсы мүмкіндіктерге айналдыру әлеуетін бағалаудың маңыздылығына тоқталды.

Собажы әлемде идеяларға, көзқарастарға және әртүрлі дауыстарға ие болған Түркияның көптеген жаһандық дағдарыстың шешілуінде шешуші рөл атқарып, тараптарды жақындастырғанын және диалог үшін қауіпсіз аймақ құратынын атап көрсетті.

Собажы астық дағдарысында дәліз ашқан, тұтқын алмасуда кепіл болған, Ковид-19 індетінде 150-ден астам елге көмектескен және 8 миллиард адамның әрқайсысы үшін күрескен Түркияның қатысуымен тіпті әділетті әлем құруға болатынын сөзде және  әрекетте байқалғанын айтты.

ТРТ Бас директоры медиа саласында әділетті әлем үшін күреске қолдарынан келгенше үлес қосу үшін күш салып жатқандарын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар