Ердоған «TRT World Forum» жиналысында сөз сөйледі

Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін айтты.

1916962
Ердоған «TRT World Forum» жиналысында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған астық дағдарысын шешу үшін жексенбі күні Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесетінін айтты.

Стамбулда өткен «TRT World Forum» 2022 форумының ашылуында сөз сөйлеген президент Ердоған биылғы форумның коронавирус індетінің жаңа түріне және Ресей-Украина соғысына байланысты жаһандық деңгейде шиеленіс күшейген уақытта өткеніне назар аударды. 

Ресей-Украина соғысының ауыр шығынға қоса, аймақ пен әлем үшін өте ауыр гуманитарлық, экономикалық және саяси шығындар әкелетінін атап көрсеткен Ердоған бейбітшілік үшін қарқынды дипломатиялық қозғалыс жүргізіп жатқандарын, Украина территория тұтастығын қорғаумен бірге Ресейге қарсы ақылды сыртқы саясат жүргізу арқылы аймақтағы өрттерді сөндіруге тырысқандарын түсіндірді.


Этикеттер: #соғыс , #Ресей , #TRT , #астық

Ұқсас жаңалықтар