Чавушоғлу Батыс Фракия түріктері өкілдерін қабылдады

Чавушоғлу Батыс Фракия түріктерін ешқашан жалғыз қалдырмайтындарын білдірді.

1916674
Чавушоғлу Батыс Фракия түріктері өкілдерін қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Батыс Фракия түріктерін ешқашан жалғыз қалдырмайтындарын білдірді.

Министр Чавушоғлу Батыс Фракия түрік азсандылар кеңесі мүшелерін бас қала Анкарада қабылдады.

Кездесуге байланысты әлеуметтік медиа парақшасында мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Грекия Лозанна келісімін және отандастарымыздың негізгі адам құқықтарын бұзуды табанды түрде жалғастыруда. Біз Батыс Фракия түріктерін ешқашан жалғыз қалдырған емеспіз, жалғыз қалдырмаймыз» деп көрсктті.

Чавушоғлу Грекияның Батыс Фракиядағы түрік азсандылардың «түрік» болмысын мойындамайтынына назар аударды.

Чавушоғлу Грекияның соңғы 15 жылда 90-нан астам түрік азсанды бастауыш мектебін жапқанына және жаңа түрік азсанды мектептерінің ашылуына рұқсат бермегеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар