Түркия алға қарай ілгерілеуде

Ердоған экспорттың ай сайын рекорд жаңартып, 300 миллиард доллар шегіне жақындағанын айтты.

1916326
Түркия алға қарай ілгерілеуде

Президент Режеп Тайып Ердоған экспорттың ай сайын рекорд жаңартып, 300 миллиард доллар шегіне жақындағанын айтты.

Түркия 2023 саммитіне жіберген бейне жолдамасында Ердоған әлемнің соңғы 3 жылда індетпен басталған азапты процесті бастан өткергенін, кейін қызу қақтығыстар мен аймақтық шиеленістермен күрделене түскенін түсіндірді.

Соңғы жылдары ең жоғары көрсеткіштерге жеткен энергия, азық-түлік және шикізат бағасы және осыған байланысты туындаған инфляция проблемасы барлық экономикаларды ауырлататынын айтқан Ердоған Түркияның осы қиын кезеңді бастан жеңіл өткерген елдердің бірі екенін айтты.

Экспорттың ай сайын рекорд жаңартып, 300 миллиард доллар межеге жақындап келе жатқанын білдірген Мемлекет басшысы «Қабылданған шаралардың әсерімен біз келесі жылдың басына дейін инфляцияны түсіреміз» деді.

2023 жылды экономика мен энергетикадағы сияқты қорғаныс өнеркәсібінде де көптеген табыстарға қол жеткізіп, жаңа бір белеске жетуге бел байлағандарын түсіндірген Ердоған «Түркия ғасыры туралы жобаларымызды оның барлық элементтерімен жүзеге асырмайынша тоқтамаймыз және күресімізді үзіліссіз жалғастырамыз» деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар