Нед Прайс F-16 жайлы мәлімдеме жасады

Нед Прайс Түркияның қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын екендерін білдірді.

1916172
Нед Прайс F-16 жайлы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс НАТО-ның маңызды одақтасы Түркияның қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын екендерін білдірді.

Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында қорғаныс бюджетін қамтитын 2023 жылғы Ұлттық қорғаныс рұқсаты туралы заңнан Түркияға F-16 сатуға қатысты шектеу шарттарын алып тастау туралы сұраққа былай жауап берді: «Әрине Түркия НАТО-ның маңызды одақтасы, маңызды қауіпсіздік серіктесі. Біз қорғаныс қабілеттерімізді біріктіріп, Түркияның алдында тұрған үлкен қауіптермен күресу үшін қажет нәрсені қамтамасыз етуді қалаймыз. Ешбір НАТО одақтасы өз жерінде түрік одақтастарынан артық лаңкестік шабуылға ұшыраған жоқ. Сондықтан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымыз біз үшін үлкен маңызға ие».

Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байденнің маусым айында Мадридте өткен НАТО саммитінде кездескен кезде бұл мәселені талқылағанын атап көрсеткен Прайс одан кейін де талқылаулар болғанын және АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұл тақырыпты Конгресспен айтқанын айтты.

 


Этикеттер: #АҚШ , #қорғаныс , #F-16 , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар