Калын Джейк Салливанмен сөйлесті

Ибрахим Калын АҚШ  Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті.

1916157
Калын Джейк Салливанмен сөйлесті

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ  Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік баспасөз хатшысының мәлімдемесіне қарағанда, әңгіме барысында екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынастардан бөлек қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық, Ресей-Украина соғысы, Жерорта теңізінің шығысы, Швеция және Финляндияның НАТО-ға мүшелік процестері, Сирия, Ирак және терроризммен күрес, аймақтық мәселелер қарастырылды.

Балиде G20 елдері шеңберіндегі көшбасшылар деңгейінде өткен кездесуге ризашылық білдіре отырып, жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша диалог пен консультацияларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

НАТО-ның екі одақтасы ретінде Түркия мен АҚШ-тың стратегиялық басымдықтар мен ортақ мүдделерге назар аударуы керектігі айтылды.

Украина соғысының созылуы мен таралуы дағдарысты жаһандық деңгейде тереңдеткені, соғысты тоқтатып, келіссөз үстеліне келуі керектігі түсіндірілді.

Түркияның тұтқын алмасу және астық келісімі сияқты атысты тоқтатуға жол ашатын дипломатиялық бастамаларын табанды түрде жалғастырғаны хабарланды.

Түркияның Сирия мен Ирактағы операцияларында ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін PKK/PYD/YPG бөлшектеуші террор ұйымдарының нысанаға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар