Түркия Молдованың тұрақтылығына қатты көңіл бөлуде

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Молдованың тұрақтылығына қатты мән бергендерін айтты.

1916069
Түркия Молдованың тұрақтылығына қатты көңіл бөлуде

Мевлүт Чавушоғлу Молдова вице-премьері және Сыртқы істер министрі Нику Попескумен Сыртқы істер министрлігінің Стамбул өкілдігінде өткен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Чавушоғлу Түркияның Молдовамен тарихи және мәдени байланысы барын, стратегиялық серіктестік деңгейінде қарым-қатынасы барын және бұл елдің тұрақтылығына қатты мән бергендерін айтты.

Түркия мен Молдова арасындағы ынтымақтастықты әр салада жақсарту үшін жұмыс істеп жатқандарын білдірген Чавушоғлу Түркия мен Молдова арасындағы бұл жақын қарым-қатынастардың аймақтың тұрақтылығы үшін өте пайдалы екеніне назар аударды.

Чавушоғлу екі ел арасындағы сауданың жылдам артып келе жатқанын және түрік фирмаларының Молдовада шамамен 300 миллион доллар инвестициясы бар екені туралы ақпаратпен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар