Мұстафа Шентоп Эрнандеспен кездесті

Мұстафа Шентоп Куба халық билігі ұлттық ассамблеясының төрағасы Эстебан Лазо Эрнандеспен кездесті.

1915661
Мұстафа Шентоп  Эрнандеспен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Куба халық билігі ұлттық ассамблеясының төрағасы Эстебан Лазо Эрнандеспен кездесті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Шентоп ел астанасы Анкарада делегациялар арасындағы кездесуде сөйлеген сөзінде екі ел мен халқының арасы алыс болса да бір-біріне жақын және достық сезімде екенін айтты. Шентоп сонымен қатар екі елдің тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау күресі кезінде бір-біріне көрсетілген құрметтің үлкен рөл атқарғанын айтты.

Шентоп бұл күрестің көптеген елге үлгі және шабыт көзі болғанын білдірді.

Америка Құрама Штаттарының  Кубаға салған санкцияларына тоқталған Шентоп Түркияның Кубаның эмбаргоны жою үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесіне ұсынған заң жобасын жыл сайын қолдайтынын еске салды.

Куба халық билігі ұлттық ассамблеясының төрағасы Эрнандес АҚШ-тың еліне салған эмбаргоға қарсы Түркияның қолдауына алғысын білдіріп, үкіметтер мен парламенттер арасындағы қарым-қатынастардың артуы керектігін айтты.

Шентоп пен Эрнандес мәлімдемелерден кейін парламентаралық ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар