Түркия мен Әзербайжан бауырлас ел

Министр Акар «Бізбен дос болған біздің досымыз, бізбен жауласқан біздің жауымыз» деді.

1915358
Түркия мен Әзербайжан бауырлас ел
turk-azerbaycan.jpg
hulusi akar turk azerbaycan.jpg

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия мен Әзербайжанға қарсы қоқан-лоққы немесе арандатудың қай жерде немесе кімнен болса да екі елге бағытталды деп қарайтындарын  білдірді.

Министр Акар «Бізбен дос болған біздің досымыз, бізбен жауласқан біздің жауымыз» деді.

Акар Әзербайжанда Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және күш қолбасшыларымен «Тату-тәтті ағайын» атты Әзербайжан-Түркия бірлескен оқу-жаттығуының «Таңдаулы бақылаушы күні» іс-шараларына куәгер болды.

Министр Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен Пирекешкул оқу-жаттығу аймағында жүргізген әрекетінен кейін екі армия қызметкеріне сөйлеген сөзінде «Түркия мен Әзербайжан өте жақын бауырлас ел. Әртүрлі қауіп-қатерге бірге қарсы тұрамыз. Қуанышыштарымыз бен қайғыларымызды бөлісе аламыз. 30 жыл бойы Армения басып алған өз жеріңізді азат еткен «Бір Отан операциясы» кезінде біздің арамыздағы бауырмалдықтың ең жақсы үлгісін бүкіл әлем тағы бір рет көрді және түсінді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар